«Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

23.10.2014
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесу үшін қазақстандық танымал адамдар «Жүректен - жүрекке» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шара аясында жұлдыздар өз заттарын сатылымға шығарды.

Олардың арасында дизайнер Салтанат Баймұхамедова өзінің Salta коллекциясындағы жаңа көйлектерін, дизайнер Максим Акбаров телефон қабын, «Дуэт Л» тобы зергерлік әшекей бұйымдарын, актриса Линда Нығматуллина дизайнерлік көйлегін, радиожүргізуші Диана Снегина символикалық кәдесыйларын сатты.

Сондай-ақ, белгілі тележүргізушілер, эстрада жұлдыздары, актерлер «Жүректен - жүрекке» жобасын қолдайтындарын білдірді.

Бірқатар өнер жұлдызы акцияға қосылып, арнайы матаға өздерінің алақан таңбасын қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «UnityKZ» қоры жоба аясында 5 миллион теңге жинауды жоспарлап отыр.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу