Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтеді

22.10.2014
Сәкен Сейфуллиннің  120 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтеді

Ертең С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары - 10: Мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция  өтеді.  

 Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына ҚР Парламент Депутаттары, ҚР  БжҒМ және АШМ, Астана Әкімдігінің,  «ТДЖҰА»  АҚ-ның, және «ҚазАгроИнновация» АҚ өкілдерімен  қатар «Назарбаев Университеті» Президенті Шигео Кацу, ҚазҰАУ ректоры Т.И.Есполов, Жәңгір хан атындағы  БҚАТУ ректоры Серғалиев Н.Х., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б.Сыдықов, тағы да басқа Қазақстандық жетекші ғылыми-зерттеу университеттерінің өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, жақын әрі алыс шалғайдағы шетелдік ЖОО-ның ғалымдары келеді. Олардың қатарында Луц Лицке -  Ю.Либига атындағы Гиссен университеті (Гиссен қ., Германия); Ян Вишневский - табиғи ғылымдық Варшава университеті (Варшава қ., Польша); Стефано Феррари-Милана университеті (Милана қ., Италия); Дэвид Арни-табиғи ғылымдық Эстон университеті (Тарту қ.,Эстония),  Шығыс Финляндия Университетінен Рейн Кортет, Юха Кантанен бар.

Конференцияда елдің аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудағы индустриялық-инновациялық  жолдары,  ғылым мен білім саласындағы зерттеу университеттерін құру туралы пікірталас өрбімек.   

Хабарламаларға жазылу