Маңғыстау облысында жалпы көпшілік туризм мен демалыстың бірнеше аймағы қалыптасқан.
Оның ішінде мекемелік және жекеменшік демалыс базалары, Бекет-ата, Шопан-ата сынды мемориалдық және киелі орындар, мәдени ескерткіштер, Тамшалы, Саура және тағы да басқа даладағы жасыл оазистер бар.
Қолда бар көптеген табиғи және мәдени-мемориалдық туристік ресурстардың ішіндегі ең бір кереметі Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстандағы ең жас және ең үлкені. Ол өзінің ғажайып ландшафтымен адамды керемет әсерге бөлейді.
Маңғыстаудың еліміздегі туризмді дамытуға бірден-бір қолайлы өңір екені және оны әлемдік туризм нарығына тарту қажеттігі туралы айтылып жүр. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында қандай шаралар алынуда?
Курорттық аймақ – «Кендірліні» екінші Анталияға айналдыру жөніндегі кең ауқымды шаралардың жағдайы қалай? Бұл ауқымды жоспарды іске асыруда проблемалар бар ма?
Бұл сауалдарға жауапты бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарынан біле аласыздар.