Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

22.10.2014
Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің 2014 жылғы 22 қазандағы өкімімен Қадырхан Отаров облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін облыс әкімнің бірінші орынбасары лауазымын Рәшит Әкімов атқарған болатын.

 

Біздің анықтама:

Қадырхан Отаров 1953 жылы дүниге келген. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмамдаған.

1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болды.

«Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, 4 мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу