Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.
Кездесу барысында берген өтінішіне орай, Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті құрылымның басшылық құрамына жаңа министр - Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.