Павлодар облысында күшті жел салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында күшті жел салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда

22.10.2014
Павлодар облысында күшті жел салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда

Павлодар облысында қатты жел салдарынан бірқатар төтенше жағдай орын алып, ыңғайсыздық тудырды. Қазіргі таңда келтірілгеншығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ қоғамы байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Асқар Шөмшековтің мәліметінше, облыстың электр желілерінде 42 апаттық жағдай тіркелген. Нақтырақ айтсақ, осындай оқиға Баянауыл, Успен аудандарында және Павлодар қаласында орын алған. Қазіргі таңда олқылықтардың орны толтырылып, электр желілерінің жұмысы қалыпқа келтірілді.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі күн бойы соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жеткен. Кей жерлердегі көрсеткіш 28 метрге дейін артқан. Күшті желдің салдарынан Качир ауданына қарасты Калиновка ауылындағы орта мектеп шатырсыз қалған. Жел ғимарат шатырын ұшырып әкеткен.

Хабарламаларға жазылу