Found footage («табылған таспа») жанрында түсірілген жаңашыл хоррор «Желідегі тылсым күш» фильмі 2015 жылдың 10 сәуірінде экранға шығады. Туындының продюссері – Тимур Бекмамбетов. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
Картинаның бюджеті 500 мың АҚШ долларынан аспаған. Сценарий авторы - Нельсон Гривз.
Skype әлеуметтік желісі арқылы бір-бірімен хабар алмасып отырған алты жасөспірімге кенеттен жетінші адам қосылады. Жасөспірімдердің интернеттегі мазағынан олардың сыныптасы өзіне қол жұмсаған болатын. Ойда жоққа желіге қосылған жетінші адам жасөспірімдерге үрей туғызады. Алайда, желіден ажырау мүмкін емес екен. Картинаның сюжеті осындай.
«Бұл фильм көптен бері ойымда жүрген. Туынды «screen capture» киноөнерінің жаңа парақшасын ашпақ. Бір жыл ішінде жаңа кино тілін жасап шығардық»,- дейді Тимур Бекмамбетов.