Каратэ белбеулері не мағына береді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ белбеулері не мағына береді?

22.10.2014
Каратэ белбеулері не мағына береді?

Каратэ XV ғасырда Окинава аралдарындағы жергілікті халық арасында  жаудан қорғану мақсатында өмірге келген. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болды. Сөйтіп, каратэ қытайдың «кунг-фу» қарусыз күрес түрімен қатар дамыды.

Қатаң тәртіпті талап ететін физикалық тұрғыдан ғана емес, сана-сезімнің мықтап жетілуіне септігін тигізетін спортшыларға берілетін белбеулер туралы не білеміз?

Бұл турасында 2 дан мен қара белбеу иегері Архам Майданұлы былай дейді: «Ең алғаш келгенде бала ақ белбеумен келеді. Ақ белбеу – баланың тазалығы. Жолын енді бастап жатқан, аппақ сүттей таза дегенді білдіреді. Одан кейін қызыл белбеу беріледі – бұл Күннің шығуын меңзейді».

Бір қызығы, бұл белбеулерді жууға болмайды. Себебі, төккен тер мен атқарылған еңбек те жуылып кетуі мүмкін деген қағида бар.

Жаттықтырушылардың каратэшілерге қояр талабы туралы  «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу