Головкин мен Рубионың жекпе-жегі - жыл телерейтингінде екінші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен Рубионың жекпе-жегі - жыл телерейтингінде екінші

22.10.2014
Головкин мен Рубионың жекпе-жегі - жыл телерейтингінде екінші

Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты)  НВО телеарнасы арқылы 18 қазанда көрсетілген кездесулердің рейтингі белгілі болды.

Екі жекпе-жектің бірінде  WBA (Super) нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақта 28 жастағы ямайкалық Николас Уолтерс 31 жастағы филиппиндікті 6 раундта нокаутқа түсіріп, Әлем чемпионы атанған еді. Мұны 1,1 миллион адам көрген.

Келесі жекпе-жекте WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин екінші раундта мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп,  чемпиондыққа қоса WBC уақытша белбеуін еншілеген еді. Бұл жекпе-жектің рейтингі 1.3 миллион көрерменді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаларға жазылу