Алматыда құны 6,5 миллион теңгеге бағаланған 18 «VIP» нөмір сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құны 6,5 миллион теңгеге бағаланған 18 «VIP» нөмір сатылды

21.10.2014
Алматыда құны 6,5 миллион теңгеге бағаланған 18 «VIP» нөмір сатылды

Алматыда құны 6,5 миллион теңгеге бағаланған 18 «VIP» нөмір сатылды. Бұл туралы бүгін қалалық ІІД баспасөз қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Алматылықтар арасында 001,007, 777 нөмірлері үлкен сұранысқа ие.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған нөмірлерді кез келген жүргізуші сатып ала алады. Егер, нөмірлер таусылған жағдайда тұтынушы өтініш беріп, келесі сериясына тапсырыс бере алады.

Айта кету керек, мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сату Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу