Ағылшын Премьер-лигасының 8-ші турында «Сандерленд» командасы сырт алаңда «Саутгемптонмен» кездесіп, ойсырай ұтылды. Есеп – 0:8. Осылайша, команда басшылығы стадионға жиналған жанкүйерлерге билет ақшасын қайтарып бермек.
Алайда, жанкүйерлердің жолақысы төленбейді. Трибунадағы билет құны – 24 фунт стерлинг болса, кейбір жанкүйер жолға 152 фунт жұмсаған.
Айта кетейік, «Сандерленд» 8 тур ішінде бір рет жеңіске жетті. Ол 8 ұпаймен 17-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды vesti.kz.