Осы уақытқа дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымында болған Маңғыстау өңірінің прокуроры қызметін атқарады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың 2014 жылғы 21-ші қазандағы бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Дастан Шәймерденұлы Сартаев Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Біздің анықтама:
Дастан Шәймерденұлы Сартаев 1959 жылы Қызылорда облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 3 дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Атырау, Ақтөбе және Павлодар облыстарында прокурорлық қызмет атқарған. 2009 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысының прокуроры болған. «Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл »медалімен марапатталды.