Грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

21.10.2014
Грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

22 қазан күні Реседйің Новосибирск қаласындағы «Глобус» академиялық жастар театрында грек-рим күресінен «Сила традиций» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling Online хабарлайды.
Бұл жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь елдерінің жасөспірімдер құрамасы сынға түседі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Алпамыс Дастанбек (42 келіге дейін)
Диас Күрсебай (50 келіге дейін)
Мадияр Мәлтекбаев ( 58 келіге дейін)
Мерей Бекенов (69 келіге дейін)
Бағдат Үсенов ( 76 келіге дейін)
Санжар Темірбек ( 85 келіге дейін)
Антон Савенко ( 120 келіге дейін)
Қазақстан құрамасының бапкері - Евгений Сорокин

«Сила традиций - 2014» турнирінде палуандар жекелей және командалық жарыста белдеседі. Жарыс үш кезең бойынша өтеді. Әр палуан өз салмағында күресіп шығады. Қорытындысында әрбір 7 салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталмақ. Көп белдесуде жеңіске жеткен құрама командалық жарыстың жеңімпазы атанады.

Хабарламаларға жазылу