Францияда халал өнімдерді тексеретін тест жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда халал өнімдерді тексеретін тест жасалды

21.10.2014
Францияда халал өнімдерді тексеретін тест жасалды

Францияның Capital Biotech компаниясы халал өнімдерді, сондай-ақ, алькоголь өнімдерін тексеретін тест жасап шығарды. Тестте екі жолақ көрсетіледі. Оның біріншісі - тағамда тыйым салынған қоспалардың болмауын, екіншісі - қоспаның бар болуын анықтайды.

Өнімді анықтау үшін оның бөлшегін жылы суға салып, оған құрылғыны орнату қажет. Тест – мұсылман қауымы үшін халал өнімдерді анықтау үшін таптырмас құрал.

Тесттің 1 данасы 6,9 еуро тұрады, деп хабарлайды kapital.kz.

Хабарламаларға жазылу