2015 жылы Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында Оқушылар сарайының құрылысы басталады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова хабарлады.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 140 жалпы білім беретін мектеп бар. Аймақтағы 13 мектеп білім жетістігін бағалаудан өтті. Ортақ балл - 39,58.
«Облыста талантты балалар дерекқоры құрылды. Түрлі байқауға қатысып, жеңімпаз атанатындар жыл санап артып келеді. Соңғы үш жылда 197 оқушы ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды», - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Аймақта 9 мыңнан астам педагог қызмет етуде. Алайда, физика, орыс тілі және әдебиеті, математика пәні бойынша 90 мұғалім тапшы, деп хабарлайды lada.kz.