Мүсіндеме – бейнелеу өнерінің бір түрі. Оның ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланылатын материалдарына байланысты болып келеді. Біздің елде өнердің осы түрі кең қанат жаюда.
«Мүсінші мамандығы ең күрделі мамандықтардың бірі болғандықтан, мұнда екінің бірі келе бермейді. Мүсін тастан, ағаштан, саз балшықтан жасалады. Ағаштан мүсін шығару үшін оны алдымен қараңғы жерде кептіріп аламыз. Содан мүсін жасауға дайын болғаннан кейін ғана жұмысты жалғастырамыз», дейді мүсінші Ербосын Бағыбаев.
Өнер туындысын шығару оңай шаруа емес. Мүсіншілердің айтуынша, жасалатын мүсіннің өлшемі мен қаңқасы алдын ала дайындалады. Арнайы мамандар жұмысының басым бөлігін саз балшық, гипс және ағаш қолданады.
Шебер жасалған мүсіндер мүсіншінің дара қолтаңбасын көрсетеді. Ал, оны жасау үшін үлкен еңбек пен дарын қажет. Мүсін жасау өнері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.