2014 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 6 366 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тапсырылған үйлердің жалпы ауданы - 789,047 шаршы метр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,4 пайызға артық.
Соның ішінде жеке меншік үйлердің жалпы ауданы - 50 609 шаршы метр.
Биыл жеке тұрғын үй құрылысының жалпы тапсырылған үйлердегі үлесі 6,4 пайызды құрады.