![Бразилиялық «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы репортаж көрсетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_42103.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен Бразилияның португал тілінде хабар тарататын ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы арнайы репортажды ұсынды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның мақсаты - бразилиялық көрермендерді Қазақстанмен, оның халқымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен, табиғатымен таныстыру.
Атап айтқанда, репортерлер телекөрермендерді еліміздің Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, спортымен, табиғи байлықтарымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағымен, Арал теңізінің мәселелерімен және т.б. таныстырды.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилиялық «TV Globo» телеарнасы Қазақстан туралы репортаж көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/91787/)