Қазақстанның бірқатар облысында күшті жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
19-21 қазанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 20-21 қазанда Ақмола, Павлодар облыстарында, 21-22 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с болады.
«Температура түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 10 градусқа жетеді, ал күндіз 2-7 градус жылы»,- делінген хабарламада.