«Астана» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

20.10.2014
«Астана» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

ВТБ  лигасында ойнайтын «Астана» баскетбол клубы жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Үшінші турда елордалық ұжым ресейлік «Локомотив-Кубань» командасын 81:70 (26:19, 14:17, 20:20, 21:14) есебімен ұтты.

«Астана» сапындағы ең нәтижелі ойыншылар:  Джекован Браун — 21 ұпай, Рашид Махалбасич — 17, Пэт Калатес — 13, Антон Пономарев — 12, Джерри Джонсон — 9, Лукша Андрич — 7, Анатолий Колесников — 2.

Келесі ойын 25 қазанда өтеді. «Астана» өз алаңында волгоградтың «Красный Октябрь» командасын қабылдайды. Басталуы -  17:00.

Хабарламаларға жазылу