Аран деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аран деген не?

19.10.2014
Аран деген не?

Аран – аң аулаудың ерекше тәсілі. Тау шатқалдары арасынан ені тарлау жасалған, тас пен ағаштан қоршау жасап, олардың жан-жағына аң кіргеннен кейін шегініп шыға алмайтындай өткір істік қадалар орнатылады.

Аңдарды қаумалап үркітіп келіп, аранға яғни, қоршауға қамаған кезде, кірген аң сасқалақтап істік, қадаларға түйреліп, қозғала алмай қалады. Осы сәтте аңшылар олжасын оңай соғып алады.

Иен даладағы арнайы қазылып жасалған аран түрлерін «қамба» немесе «ұра», деп те атайды. Ол аң көп жүретін  жерлерге тастан, ағаштан, шіліктен қоршау тәрізді етіп жасалынып, оның түйіскен тұсына терең апан немесе ұра қазады.

Аң аулаудың бұл түрі туралы бүгін 15.50-де «Қазақ даласының құпиялары» деректі фильмінен көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу