«Астана Bike» велопрокат маусымы 1 қарашада аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Bike» велопрокат маусымы 1 қарашада аяқталады

18.10.2014
«Астана Bike» велопрокат маусымы 1 қарашада аяқталады

Алғашқы «Астана Bike» велопрокат бекеттері өз жұмысын биыл шілде айында бастаған болатын. Осы күнге дейін жаңа экокөлік көптеген астаналықтардың сүйікті көлік құралына айналып үлгерді. Велосипедтер заманауи техникамен жабдықталған. Олар GPS, ұрлап кетуге қарсы жүйелермен және басқа да жаңашылдықтармен қатамасыз етілген. Велосипедтерде электр энергиясының көзі ретінде (барлық құралдардың жұмысын қамтамасыз ету үшін) күн батареялары қолданылады. Барлық бөлшектері ерекше  және бір ғана экокөлікке жарамды.   
Жалпы биыл 200 велосипедке арналған 40 тұрақ ашылды. Жалға алу станциялары сол жағалауда бір-бірінен 300-500 метр қашықтықта орналасқан. Станциялар желісі бірте-бірте кеңейтіледі және 2017 жылға дейін 1000 велосипедке арналған 100 станция құру көзделген.

 

Хабарламаларға жазылу