Қойшығара Салғара Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң унверситетінің құрметті профессоры атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қойшығара Салғара Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң унверситетінің құрметті профессоры атанды

18.10.2014
Қойшығара Салғара Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң унверситетінің құрметті профессоры атанды

Бүгін Семейде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков, жазушы-ғалым Қойшығара Салғара, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық заң унверситетінің құрметті профессоры атанды. Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазин instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, Қойшығара Салғара 1939 жылы Қостанай облысының Көкалат ауылында дүниеге келген. Ол Қазақ радиосының Қостанайдағы меншікті тілшісі болған.

Оның «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» атты романдары жарық көрді. Сондай-ақ, Қытайда жүріп ол «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тар-мақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.

«Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Хабарламаларға жазылу