Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған. Өркениет дамыған XXI ғасыр өзімен бірге осындай жаман дертті ала келді.
Кеңестік кезеңде де қарттар үйі болды. Алайда, мамандардың айтуынша, ол кезде бұл үйде қарттар өте аз болған екен. Соның ішінде қазақтың әже-ақсақалдары жоқ болған десе де болады.
Бір қынжылтатыны, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ немесе балалары өмірден озып, сол себепті осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұл-қызы бар қазақтың қариялары көп екен.
Бүгін 19.45-те «Тағдыр» хабарынан Қарттар үйі туралы көріңіз.