Қорғалжын жерінің ерекшеліктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғалжын жерінің ерекшеліктері

18.10.2014
Қорғалжын жерінің ерекшеліктері

Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі.

Қорғалжын көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүниежүзінде сирек кездесетін, солтүстікте ұя салатын құс.

Теңіз-Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құсы жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт  ретінде енген.

 Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.

Қорғалжын жерінің ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу