Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Кездесу барысында тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты.