Мишель Платини төрешілермен дауласқандарға ақ қағаз көрсетуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мишель Платини төрешілермен дауласқандарға ақ қағаз көрсетуді ұсынды

17.10.2014
Мишель Платини төрешілермен дауласқандарға ақ қағаз көрсетуді ұсынды

УЕФА президенті Мишель Платинидің «Футбол туралы сөйлесейік» кітабы жарық көрді. Басылымда автор футбол ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынған.

Ол ресми матчтарда бес ойыншыға дейін алмастыруды ұсынады (2-і үзілісте, 3-і ойын барысында).

Сондай-ақ, Платини арбитрлармен дауласқан футболшыларға ақ қағаз көрсетуді ұсынды. Жазасы – 10 минутқа алаңнан қуылу болмақ.

Платини гол соғатын мүмкіндікте ереже бұзғандарды үш рет жазалаудан бас тарту идеясын қолдады: пенальти, қызыл қағаз және келесі ойынға қатыстырмау.

 

Сурет: ru.uefa.org

Хабарламаларға жазылу