Қазақ жерінде XIII ғасырда белгілі болған емдік балшық туралы алғашқы деректер XVIII-XIX ғасырда Ресейде жарияланды. XXғасырдың ортасынан еліміздің шипалы балшықты кешені зерттеле бастады.
Геология ғылымдары институты мен өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты шипалы балшықтардың химиялық құрамын, емдік қасиеттерін анықтады және олардың қолдану әдістерін ұсынды. Бүгінгі таңда медицинаның бұл саласы елімізде қарқынды дамып келеді.
«Бұл ағзадағы суықты, дендеп кеткен ауруларды, тұзды шығаруға септігі мол. Бір адам батпақта 10 минут жатуы керек. Осы аз ғана уақыттың ішінде батпақ терең бойлап, сіңірге дейін жетіп үлгереді. Осылайша, өзінің емдік әсерін береді»,-дейді дәрігер Молдахмет Ысқақов.
Батпақпен емдеу негізі сүйек, буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелері ауруларының алдын алады. Батпақ суының да шипасы мол.
Еліміздегі батпақпен емдеу орындары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.