Құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген тұлға

17.10.2014
Құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген тұлға

Сұлтан Бейбарыс – қыпшақ даласындағы шайқаста тұтқын ретінде әкетілген бала көп өтпей-ақ, жат жерде ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген ғажайып тұлғаға айналған. 1271 жылдан бастап ислам әскеріне Көк түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады.

Бұл – әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзетші жігіттерді италиялық көпестерден сатып алды. Осылайша, қыпшақ баласы Байбарыс та Дамаскіде 800 деркемге сатылған еді. Мұнда ол жерлерстерімен қауышты. Байбарыс  өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді.

«Бұлар ислам дініне жаңа кірген неофиттер. Соған қарамастан, даланың әдет-ғұрыптарын сақтаған. Мысалы, қара қойды сойып жіберіп, жауырынын отқа қақтап,  қазақ даласындағыдай бал ашатын болған. Қанша дегенмен, мәмлүктер исламға қызмет еткенмен, мұсылман болғанымен, олар басқа тілде сөйлеген, басқа дүниетаным. Тіпті, киім киісіне дейін өзгеше болған. Шетелдегі тарихи деректер арқылы санамызға Бейбарыс болып сіңіп кеткен тұлғаның шын аты – Байбарыс», -дейді ғалым Қайрат Сәки.

1989 жылы жарыққа шыққан режиссер Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» көркем фильмі арқылы біз қыпшақ даласынан шыққан батырдың өмірін толық көргендей болдық. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, бұл фильмде де тарихи оқиғалар аз қамтылған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу