Актриса Кэти Холмс тағы да «Кеннеди әулиеті» телехикаясында Жаклин Кеннедидің рөлін сомдайды. Ол телехикаяда басты рөлдегі актриса ғана емес, сондай-ақ кейбір бөлімнің режиссері әрі продюссері.
«Кеннеди әулиеті: Камелоттан кейін» атты телехикая 2016 жылы жарыққа шығады. Продюссері - Стэн Э.Хаббард.
Айта кетейік, Кэти Холмс соңғы кездері режиссура саласына көп көңіл бөлуде. Ол жалғызілікті ана туралы Энни Уэзервокстің «All We Had» романын экранизацияламақ.