Өгей шешенің қатыгез болуына не себеп? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өгей шешенің қатыгез болуына не себеп?

16.10.2014
Өгей шешенің қатыгез болуына не себеп?

Тағдырдың жазуымен анасынан жастай айырылып, өгей шешенің тәрбиесінде өскен жәудіркөздер бар. Өгей шешенің бәрі бірдей мейірімді емес. Бірі – өз балаларынан кем көріп, шеттетіп өсіреді, енді бірі – туғанынан бөліп-жармай, бар мейірін төгіп жетілдіреді.

Осы арада өгей шеше мен қатыгез әкенің қорлығына шыдамай, үйінен қашып шыққан жас балалар да кездеседі. Олардың одан арғы тағдыры не болмақ? Өгей шешенің қатыгез болуына не себеп?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» өгей шешеден қиянат көрген кейіпкердің мұңы және өгей анасымен туған шешесіндей жақын кейіпкер қонақта болады. Бұл тақырыпқа қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

Twitter әлеуметтік желісінен #abaqyty хэштегі арқылы өз ойыңызды тікелей эфирде білдіре аласыз.  

Хабарламаларға жазылу