2017 жылы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында еңбек нарығы толық теңдестіріледі. Бұл туралы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша сұранысы төмен мамандықтарға оқуға түсетіндер саны 2012-2013 жылдармен және 2013-2014 жылдармен салыстырғанда 16 пайызға азайған.
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, жастардың 31,8 пайызы - ЖОО, ТжКБ студенттері мен мектеп оқушылары.
Биыл Астанада ЖОО-ға 14 066, колледждерге 8 839 адам қабылданған. Соңғы екі жылда елордалық жоғары оқу орындарының студенттері педагогика, инженер және қызмет салалары бойынша мамандықтарды жиі таңдайды.