Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл «Таңшолпанда» қонақта болды.
Абайдың рөлін, «Сыған серенадасында» Шәмшінің рөлін, жалпы көптеген кесек тұлғалардың рөлін сомдап жүрген актер: «Ол рөлдерді сомдау – менің өмірім үшін үлкен мәні мен мазмұны бар дүние. Өйткені, өмірлік таным менен талғамда, өмірге деген көзқарасты қалыптастырудағы сол ойнаған рөлдерімнің ой мен өмірге деген көзқарасы арқылы өз көзқарасымды, өз пайымдауымды, өзімнің талғамым мен танымымды ұштастыру – мен үшін үлкен бақыт»,-дейді актер.
«Театрымыздың директоры Сұлтан Оңғарұлы екеуміз театрдың негізгі бағытын, осыған дейін қалыптасқан дәтүрін жоғалтып алмай, алға қойып отырған жоспар көп. Бұл балалар мен жасөспірімдер театры болғандықтан, негізгі бағытымыз балаларға арналған шығармаларды сахналасақ деген ниет бар».
«Сын айтылды. Жұмыста, ізденіс кезінде, шығармашылық жолында. «Сенің мынауың дұрыс емес. Мынаны былай жаса», деген сияқты аға-апаларымыздың сындары болды. Біз сол арқылы өстік деп ойлаймын»,-дейді актер.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.