Астанада ақын, жазушы, композитор, белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ардақты ұлы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби музыкалық кеш өтті.
«Астана» ұлттық сурет галереясында өткен шара Сәкен Сейфуллин музейінің ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Шараға Тұрсынбек Кәкішев, Мырзатай Жолдасбеков сынды белгілі қоғам қайраткерлері мен жазушылар, Сәкен өнегесімен өсіп келе жатқан жастар қатысты.
Әдеби кеште сөз сөйлеген Тұрсынбек Кәкішев: «Сәкеннің әр ісінде ұлттық мүдде көрініп тұрады. Терең ойлай білсек қана, мәңгілік ел боламыз. Сәкенді ұлықтау – біздің парыз», - деді.