Қызылордалық самбошылар туған жеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық самбошылар туған жеріне оралды

15.10.2014
Қызылордалық самбошылар туған жеріне оралды

Бүгін қызылордалықтар Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен жарыста самбодан Әлем чемпионы атанған Гүлфайруз Наймантаева мен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Аида Ермашты салтанатты түрде күтіп алды. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Әлем чемпионатына 32 елдің спортшылары қатысты. Қызылордалық спортшылар №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Бапкерлері - Жанар Дүйсекен.

Хабарламаларға жазылу