Жалпы, жыл басынан бері лира Америка валютасына шаққанда 21 пайызға әлсіреген. Бұған жаһандық экономика өсімінің баяулауы, елдегі саяси жағдай және босқындар дағдарысы себеп болып отыр.
Мигранттарды орналастыру үшін түрік үкіметі 7,6 миллиард доллар жұмсаған. Биылғы сайлаудан кейін тұрақты үкіметтің құрылмауы, күрдтердің сепаратистік әрекеттерінің қайта басталуы инвесторлардың түрік экономикасына деген сенімін азайтып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ