Елордада 9,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 9,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

15.10.2014
Елордада 9,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Астанада түрлі инфрақұрылым нысандарын салу мақсатында жер учаскелері бөлінеді. Онда жаңа тұрғын үй, мектеп немесе аурухана салынады. Алайда  кейде бұл жер телімдері мақсатты пайдаланылмайды.

Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы мақсатты пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұзып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау үшін қалалық жерлерге толық ревизия жүргізді. Қазіргі уақытта мекеме 2011-2014 жылдары жүргізілген шаралар нәтижесінде жалпы ауданы 9,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.

Соның ішінде 8,1 мың гектар жер қалалық мемлекеттік резервке қойылды. Енді олар мемлекеттің қажеттілігі үшін алынатын жер учаскелерінің орнына пайдаланылады. 

Хабарламаларға жазылу