Марк Цукерберг «Эбола» вирусымен күресуге 25 миллион доллар бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марк Цукерберг «Эбола» вирусымен күресуге 25 миллион доллар бөлді

15.10.2014
Марк Цукерберг «Эбола» вирусымен күресуге 25 миллион доллар бөлді

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан «Эбола» вирусымен күресуге 25 миллион АҚШ долларын бөлді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. 

Оның айтуынша, вирустың өрістеуі бақылауға алынуы керек.

«Бұл вирус денсаулық саласында әлемдік дағдарысқа алып келу мүмкін», - деді Марк Цукерберг.

ДДСҰ соңғы дерегі бойынша, Батыс Африкада бұл қатерлі вирус салдарынан 4447 адам қайтыс болған. 8,9 мыңнан астам оқшауланған.

Қаза тапқандардың ең көп бөлігі Либерия, Сьерра-Леоне мен Гвинеяда тіркелген. 

Сурет: ИТАР-ТАСС

Хабарламаларға жазылу