Қазіргі таңда рухани салаға қызығушылық артып, бұл бағытта көптеген іс атқарылуда. Бүгін Ұлттық музейде «ҚР Ұлттық музейі және БАҚ: әріптестік жолдары» атты дөңгелек үстел өтеді.
Осы жылдың 2-шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылған еді. Оның ашылуына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа музейдің тарихты таныту және еліміз туралы терең білімді сіңіру орталығы ғана емес, белгілі мәдени және ғылыми мекемеге айналатынына сенім білдірген. «Ұлттық музей – халқымыздың мәңгілік құндылықтарының, яғни Қазақстан жеріндегі татулық пен бейбітшіліктің архитектуралық көрінісі», - деген еді Елбасы.
Дөңгелек үстелде қазақстандық және әлемдік қоғамның назарын жаңа музейге аударту, оның көрмелері мен экспозициялымен таныстыру, музейді мемлекетіміздің ұлттық әрі рухани құндылығы екенін көрсету үшін БАҚ тарапынан қолдау қажет екені айтылды. Сонымен қатар, музей мен БАҚ арасындағы әріпестіктің тиімді жолдарын іздестіру, музейдегі мәдени, рухани құндылықтарды халыққа жеткізіп, насихаттау туралы мәселелер талқыланады.
Фото: astana.gov.kz