Алматыдағы №5 қалалық емханада «Ашық есік күні» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы №5 қалалық емханада «Ашық есік күні» өтті

14.10.2014
Алматыдағы №5 қалалық емханада «Ашық есік күні» өтті

Бүгін Алматыда №5 қалалық емханада қарттар айлығы науқаны аясында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Оған 500-ге жуық адам қатысты.

Емхананың бас дәрігері Гүлшахира Қамбарованың айтуынша, шараға Алмалы ауданында тұратын Екінші Дүниежүзілік соғысына қатысқан ардагерлер, мүгедектер шақырылды. Оларға емханада мамандандырылған консультативтік көмектер көрсетіліп, күре тамырдың қан қысымы, электрокардиограмма, қанды шұғыл сараптау, сүт бездерін ультрадыбысты зерттеу, көз құрылымын жете зерттеу, сүйек ұлпасының минералдық тығыздығын анықтау секілді зерттеулер жүргізілді.

Сондай-ақ, І топтағы 6 мүгедекті емханаға тасуға емхана тарапынан арнайы автобус бөлінді.

Айта кетсек, Алматыда 1 қазаннан 31 қазанға дейін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы өтіп жатыр.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу