Алматы қаласы шекарасының кенейтілуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы шекарасының кенейтілуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді

14.10.2014
Алматы қаласы шекарасының кенейтілуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді

15 қазанда Алматыда Наурызбай ауданы басшылығы мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен арнайы баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл туралы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты хабарлайды.

Баспасөз конференциясы  Алматы қаласы шекарасының кенейтілуі мен жаңа территориалдық-әкімшілік бірліктің құрылуына байланысты ұйымдастырылмақшы.

Іс-шараның басты тақырыбы – Наурызбай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Онда ауданның жол-көлік инфрақұрылымының дамуы, аудан тұрғындарын оқу және емдеу мекемелермен қамтамасыз ету, жер қатынастарды реттеу, ауданды көріктендіру мәселері талқыланады.

Хабарламаларға жазылу