Нью-Йоркте америкалық кәсіби бағбандарға қазақстандық алма ағашының тарихы туралы дәріс оқылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы, «Қазақстан-Америка альянсы» ұйымы және Нью-Йорк қаласының мэриясы қатысты.
Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, мұндай дәрістер америкалықтардың Қазақстанның мәдениеті мен тарихын тануына мүмкіндік береді. Нью-Йоркте бүгінде Қазақстаннан әкелінген 50 алма ағашы егілген.