Жақында Италияның атақты «Ла Скала» театрына барып, тәжірибе алмасып қайтқан «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Ла Скала» театры – әлемдегі үздік театрлардың бірі. Маған осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Біз Дина Хамзина екеуміз Джузеппе Вердидің «Аида» операсына байланысты барып келдік. Бұл туынды осы қараша айында «Астана Операның» төрінде қойылмақшы»,-дейді әнші.
«Шетелден келген қонақтардан үйренеріміз көп. Алайда, олар біздің мәдениетімізге, қазақтың қонақжайлылығына тәнті болып кетеді. Ұлттың бойындағы ақжарқын мінезі мен кішіпейілділікті жоғары қояды»,-дейді Жұпар Ғабдуллина.
Дауысты ояту, сақтау жөнінде кеңес алғыңыз келсе, сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз.