29 қазаннан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Алматы-2-Защита» (Өскемен) бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
Пойыз 23 вагоннан тұрады. Оның ішінде - 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 1 вагон - мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон.
Құрам Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар станцияларына аялдайды.
Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізген.