Алматыдан 778 шақырым қашықтықта жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан 778 шақырым қашықтықта жер сілкінді

14.10.2014
Алматыдан 778 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бүгін Алматы уақыты бойынша 06 сағат 54 минут 37 секундта жер сілкінді. Жер сілкінісін «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласының оңтүстік-батысынан 778 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 12.3. Магнитудасы 5,8 MPV. Тереңдігі 15 шақырым.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу