ЕУРО-2016. Астанада Қазақстан мен Чехия құрамалары кездесті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Астанада Қазақстан мен Чехия құрамалары кездесті (ВИДЕО)

14.10.2014
ЕУРО-2016. Астанада Қазақстан мен Чехия құрамалары кездесті (ВИДЕО)

2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу сынында Қазақстан мен Чехия  құрамалары Астанада кездесті.

Кездесудің алғашқы кезеңінде жерлестеріміз 2 гол өткізіп алды. Ойынның 14-минутында чехиялық Боржек Дочкал есеп ашып, тайм соңына дейін бұл есепті Давид Лафата еселеді - 0:2.

Екінші таймда Юрий Красножанның шәкірттері шабуылды үдете түсті, бірақ нәтиже болмады. Ашық ойын үлгісін өз пайдасына жаратқан қарсылас команданың ойыншысы Ладислав Крейчи 57 минутта 3-гол салды.

Қазақстандық футболшы Юрий Логвиненко 83 минутта бір гол соғып, есепті қысқартты. Бірақ, араға 5 минут салып, ойынның 88-минутында қонақтар сапынан Томаш Нецид 4-гол соқты. Ойын соңында ұлттық құрама қорғаушысы Юрий Логвиненко чехиялықтардың қақпасына 2-ші голын дарытып, есепті 2:4-ке жеткізді. Бұл кездесуде Чехия құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан Ұлттық құрамасы 16-қараша Түркия құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу