Елбасы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

13.10.2014
Елбасы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Қала әкімі Мемлекет басшысын елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ, инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Астананың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды.

И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты.

Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: akorda.kz

Хабарламаларға жазылу