Австралиялық спортшы Саманта Стосур Жапонияның Осака қаласында өткен турнирдің финалындағы қарсыласы – қазақстандық Зарина Диастың ойын өрнегіне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады GoTennis.ru
«Осакада өткен турнирде жаңа спортшылардың есімдерімен таныс болдым. Әсіресе, жас әрі қайсарлы теннисшілердің ойын өрнегі ұнады. Солардың бірі – Зарина Диас.
Бұған дейін, мен онымен кортта кездеспедім, бірақ Зарина мені таңғалдырды. Оның болашағы зор екеніне сенімдімін. Финалда жеңіске жету үшін біраз тер төгуге тура келді», - дейді Стосур.
Еске сала кетейік, финалда қазақстандық теннисші Австралияның бірінші ракеткасына 6/7, 3/6 есебімен есе жіберген еді. Саманта Стосур бұл турнирдегі чемпиондық атағын қорғап қалса, Зарина Диас 180 ұпай жинап, алғаш рет ТОП-35 қатарына енді.
Фото: sport-asia.com