Францияда Twitter әлеуметтік желісін пайдаланушылар енді онлайн режимде бір-біріне твит арқылы ақша аудара алады. Бұл функцияны Францияда есеп шоты және Twitter-де аккаунты бар кез келген адам пайдалана алады. Бұл туралы The Financial Times хабарлайды.
Әлеуметтік желіге ақша аудару қызметін орнатуға Groupe BPCE банк тобының S-money бөлімі көмектескен. Бұл қаржылық топ Францияда тұтынушылардың саны жағынан екінші орында.
Twitter France төлем туралы хабарлама оны жіберген адамға ғана көріне ме, әлде оны барлық таныс қолданушылар да көре алады ма, бұл жағына нақты жауап айтпады. Сондай-ақ, BPCE мен Twitter жаңа қызметі туралы егжей-тегжейлі тек Парижде 14 қазан күні өтетін баспасөз мәслихатында жария ететінін айтты.