Теміртауда «Қазақстанға күлкі сыйла» акциясы жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда «Қазақстанға күлкі сыйла» акциясы жалғасын тапты

13.10.2014
Теміртауда «Қазақстанға күлкі сыйла» акциясы жалғасын тапты

Теміртау қаласының тұрғындары «Қазақстанға күлкі сыйла» республикалық акциясына қосылды. Бұл туралы аталмыш қозғалыстың белсенділері хабарлады.

Акцияның мақсаты - қалалардың көрікті жерлерін көпшілікке паш ету.

Теміртаулықтар шара бастамашылары жасаған «I lоve Kazakhstan» фоторамасының ішінде Металлургтер монументінің жанында суретке түсуде.

Бұл идея елдің көптеген қалаларда қолдау табады деп сенеді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, патриоттық акцияны «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу